Димаш секілді. Қазақ әншісі "Славян базарын" шулатып жатыр

видеодан алынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.07.2019 18:28 видеодан алынды
Екінші күні шет тілінде ән салған қазақ әншісіне бүкіл зал тік тұрып, қошемет көрсетті. Қазір Әділханның жалпы жинаған балы – 178.

XFactor жобасының 7 маусымына қатысушы Әділхан Макин Витебскіде өтіп жатқан "Славян базары" халықаралық байқауына қатысып, топ жарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бірінші күнде-ақ ол қазылардың ең жоғары балына ие болды. Әділхан ол кезде Игорь Николаевтың "Озеро надежды" әнін айтып, 90 балдың 89-ын жинады.

Ал екінші күні қазақ әншісінің салған шет тіліндегі әнге бүкіл зал тік тұрып, қошемет көрсетті. Қазір Әділханның жалпы жинаған балы – 178. Екі күндік есеп бойынша, әзірге ол көш бастап тұр.

Қазақ әншісінің талантына тәнті болған беларусь БАҚ-тары Әділханды жеңімпаз ретінде мадақтап жазып та үлгеруде.

"Димаш секілді, 4 октава да бар, бұл жігіттің мүмкіндіктері зор" деп жарыса жазуда желідегілер.

Айта кетсек, бұл халықаралық байқауда 2011 жылы Әлішер Кәрімов ІІІ-орынды, 2015 жылы Димаш Құдайберген Гран-Приді, 2018 жылы Әміре (Ернар Садырбаев) І-орынды еншілеген.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: