Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда 128 мыңнан аса оқушы қазақ тілінде білім алып жатыр

иллюстрация үшін алынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.12.2019 23:50 иллюстрация үшін алынды
Тәуелсіздік алғанда Алматыда 162 мектеп болған. Оның тек 13-і ғана қазақ тілінде білім берген. Осы күні Алматыда 205 мектеп бар. Оның 68-і қазақ тілінде. Мемлекеттік тілде білім алып жатқан оқушылардың саны 128 мыңнан асады.

1991 жылдың 16 желтоқсанында Тәуелсіздік алған тұста Алматыда 162 мектеп болған. Оның тек 13-і ғана қазақ тілінде білім берген. Егемендікті ала сала оқушылар сол 13 білім ошағына ағылып ауыса бастады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Тәуелсіздік алған жылдары Алматыда небары 13 қазақ мектебі болған. Соның бірі һәм бірегейі – осы Шоқан Уәлиханов атындағы мамандандырылған №12 гимназия. Елдің егемендік алуына септескен талай тұлғалар осы ғасырға жуық тарихы бар білім ошағынан түлеп ұшқан.

Егемендігімізді жариялаған уақытта Алматыда қазақ тілінде білім алатын 15 мыңға тарта оқушы болыпты. Соның 2000-ға жуығы осы жерде оқыған. Тіпті әліппені орысша бастап, 2-3 сыныпта қазақ мектебіне ауысқандар көп. Тәлімгерлердің көптігіне қарамастан, ұстаздар талай ұлы тұлғаларды тәрбиелеп шыққан.

"Өздеріңіз білесіздер, тәуелсіздік алғаш алған жылдары елімізде қандай жағдай болды. Қазіргі жағдаймен салыстыруға мүлдем келмейді. Содан бері білім саласы өте қарқынды дамыды деп айтуға болады. Қазіргі таңда оқушыларымыз көптеген жетістікке жетіп жатыр", – деді Алматы қаласы Білім басқармасының бас маманы Бибігүл ҚАБИСАЛЫҚҚЫЗЫ.

45 жыл ұстаздық қызмет етіп келе жатқан Әсия Шортан егемендік алғаннан кейін білім беру саласы күрт өзгергенін айтады. Кезең-кезеңімен жаңа оқу бағдарламалары енгізіліп, оқытудағы тың әдістер қолданыла бастаған. Тәуелсіз елдің балалары да мектепке үйренуге деген құлшыныспен келетін дейді.

"Бәрін қолмен жазып, былғап алып, қысқасы небір нелер болды ғой кішкентай балаларда. Әрине, оңай болған жоқ білім беру. Барлығын қолмен дайындау, үйге берілген тапсырманы жазып беру, үйрету бәрі қолдан істелінетін", – деді Алматы қаласы Ш. Уәлиханов атындағы № 12 мамандандырылған гимназияның бастауыш сынып мұғалімі Әсия ШОРТАН

"Тәуелсіздігімізді жариялағалы бері тура 28 жыл өтті. Осы уақыт аралығында білім саласында түрлі реформалар орын алды. Білім беру әдістері де өзгертілді. Ұстаздар жыл сайын тәжірибелерін арттырып тұрса, білім ошақтары соңғы үлгідегі технологиямен жабдықталып жатыр. Ал, алматылық оқушылар, пәндік олимпиадалар мен халықаралық байқауларда топ жарып жүр", – деді.

"Барлық мектептерде интернет бар. Барлық мектептерде компьютер бар. Мультимедиалық тақталар бар. Кабинеттердің барлығы жаңа үлгідегі құралдармен жабдықталған. Ол, әрине білім саласының артуына өзінің үлкен ықпалын етед"», – деді Алматы қаласы білім басқармасының бас маманы Бибігүл ҚАБИСАЛЫҚҚЫЗЫ

Аталған сала 30 жылға жуық уақытта айтарлықтай дамыды. Осы күні Алматыда 205 мектеп бар. Оның 68-і қазақ тілінде. Мемлекеттік тілде білім алып жатқан оқушылардың саны 128 мыңнан асады. Бұл –Тәуелсіз ел тарихының бір ғана парасы.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: