Ауылда мотоцикл ұрлаған күдікті бір жылдан кейін ұсталды

20 Қаңтар 2021, 15:59
Сурет: olx.kz

Оқиға Алматы облысының Жамбыл ауданында 2020 жылдың қазан айында орын алған. Былтыр күзде Ұзынағаш ауылының 34 жастағы тұрғынына тиесілі мотоцикл қолды болып, полицияға арыз түскен, деп хабарлайды zakon.kz Алматы облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тәртіп сақшылары жедел іздестіру шаралары барысында ұрланған көлікті тауып, заңды иесіне қайтарған. Дегенмен, мотокөлікті ұрлап, арзан бағаға басқаға сатты деген күдікке ілінген тұрғын қашып кеткен болатын.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалған. Қылмысқа қатысы бар 26 жастағы тұрғынның бой тасалауына байланысты іздеу жариялағанбыз. Бүгін күдікті ұсталды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Оның өзге де қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде. Өзге ақпарат тергеу құпиялығына байланысты таратылмайды, - деді Жамбыл АПБ бастығы полиция полковнигі Асхат Тегенбаев.

Алдын ала тергеу барысында күдікті қылмысын мойындады және оның бұған дейін қылмыстық жауапкершілікке тартылмағаны анықталды. Ол сотқа дейінгі тергеу аяқталғанша мекенжайын өзгертпеу туралы міндеттемемен босатылды.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?