Жаңалықтар тізбегі
0

Қайназар мен Ұзынағашта екі адам коронавирус деген қауесет авторы ұсталды

WhatsApp, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.03.2020 00:26 WhatsApp
Алматы облысында Ұзынағаш ауылының екі тұрғынын коронавирус ауруына шалдыққан деп қауесет шығарған азаматша ұсталды.

Алматы облысы Жамбыл ауданы Үмбеталы ауылының 31 жастағы Р. есімді азаматшасы WhatsApp желісі арқылы жергілікті тұрғындар арасында Қайназар ауылы мен Ұзынағаш ауылында екі адам коронавирус инфекциясын жұқтырғаны туралы аудиожазба таратқан, деп хабарлайды zakon.kz Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл ақпарат мессенджердің өзге топтары арасында да тез тарады. Жалған ақпаратты мыңнан астам жергілікті тұрғын таратып үлгергені анықталды.

Жалған мәліметтер анықталғаннан кейін полиция қызметкерлері оны дереу тексеруге кіріскен. Барлық позициялар бойынша ақпарат расталмады.

Жалған ақпаратты таратушы бірден анықталып, ұсталды. Оның Жамбыл ауданы Үмбеталы ауылының 31 жастағы тұрғыны екендігі және жергілікті мектептердің бірінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі қызметін атқаратындығы анықталды. Жауап алу барысында азаматша өзінің коронавирус туралы ойланбай керенеу ақпарат таратқанын толығымен мойындады.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 274-бабының 4-бөлігі "Төтенше жағдай кезінде керенеу жалған ақпарат тарату" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, ол 3-тен 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: