Алматы облыстық соты карантинге жабылды

facebook.com facebook.com
Карантиндік шаралар ғимаратта және облыстық соттың аумағында 2021 жылдың 20 қаңтарынан 2 ақпанына дейін енгізілді.

Алматы облыстық сотында карантин жарияланды, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы соттың Facebook парақшасында хабарланды.

Талдықорған қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 20 қаңтардағы "Алматы облыстық сотының ғимаратында және оның аумағында карантиндік шаралар енгізу туралы" қаулысына сәйкес:
Карантиндік шаралар ғимаратта және облыстық соттың аумағында 2021 жылдың 20 қаңтарынан 2 ақпанына дейін енгізілді:

- қашықтан жұмыс режиміне толық ауыстырылуына байланысты ғимаратта соттың жұмысы толығымен тоқтатылады;
- сот ғимаратына СЭС қызметкерлерінен басқаларының келуіне қатаң тыйым салынады;
- осы мерзімге қарауға тағайындалған істер кейінгі мерзімге ауыстырылады, оған қатысушылар алдын ала қосымша хабарланып, соттың болатын күні мен уақыты нақтыланады;
- Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 107-бабына сәйкес, сотқа келіп түскен материалдарды судья Талдықорған қалалық сотының ғимаратында қашықтықтан қарайды, делінген хабарламада.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз