Жаңалықтар тізбегі
0

Теңіз күштерінің экс-адмиралы елордада кісі тасып, күн көріп жүр

видеодан алынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.01.2021 16:47 видеодан алынды
Экс-адмирал 5 жылға бас бостандығы шектеліп, барлық атақ-даңқынан айырылған болатын.

Қазақстан әскери-теңіз күштерінің бұрынғы бас қолбасшысы Нұр-Сұлтанда такси қызметімен күнелтіп жүр. Жандарбек Жанұзақов қызметін асыра пайдаланғаны үшін өзіне салынған 30 миллион теңге айыппұлды осылай төлемекші, деп хабарлайды zakon.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Экс-адмирал 5 жылға бас бостандығы шектеліп, барлық атақ-даңқынан айырылған болатын.

- Соңғы кезде индрайвермен кісі тасып жүрмін. Міне, қараңыз, ешбір терістігі жоқ.

30 жылдан астам уақыт өмірін әскери міндетке арнаған ол енді әр жолаушының қас-қабағына қарауды үйренді. Адмиралдың қомақты табысынан айырылып, такси қызметінің мардымсыз кірісіне мойынсұнып отырғанымен бұл еңбекті арсынбайды. Теңіз күштерінің бұрынғы бас қолбасшысын қызметін асыра пайдаланып қазына қаржысына қол сұқты деген айыппен былтыр алты жылға абақтыға қамау үкімі шыққан. Күзде ісі қайта қаралып, жазасы біршама жұмсарды. Жанұзақовтың өзі тағылған айыппен келіскен емес.

Жандарбек Жанұзақов:

- Жолаушыларыммен әңгіме-дүкен құрғаннан кетәрі емеспін. Әңгімелескенде бұрынғы әскери мансабым жайлы да жасырмаймын. Көбі вице-адмирал екенімді естіп, көлігіме қарап және такси қызметімен күнелтіп жүргеніме аң-таң болады. Не деймін оларға, отбасымды асыраудың басқа амалы болмаған соң, осы шаруаға иек артып отырмын. Әрине, мына жағдайыма өкпелеп қалатыным бар. Неге десеңіз нақақтан-нақақ күйіп кеттім.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: