Жаңалықтар тізбегі
0

"Сотты болған кезімде өз өзіме қол жұмсағым келді" – сотталған адам жан сырын жайып салды

rusvesna.su, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.09.2020 04:22 rusvesna.su
Сотталған "А" 2019 жылдың желтоқсан айында Алматы облысы Талдықорған қалалық сотының үкімімен 5 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

Талдықорған қаласында зорлау бабы бойынша сотталған азамат тергеу изоляторында өз-өзіне жұмсамақ болған, деп хабарлайды zakon.kz Алматы облысы бойынша ҚАЖ Департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"2019 жылдың қыркүйек айында мен істі болып қамаққа алындым. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің зорлау бабы бойынша 5 жылға бас бостандығымнан айырылдым. Бұрын соңды тағдырым осылай болар деп кім ойлаған, қатты күйзеліске ұшырадым, жасыратын несі бар өз өзіме қол жұмсағым да келген. Бостандықта кәмелеттік жасқа толмаған балаларым және жұбайым, мені күтіп отыр" - дейді аты жөнін айтпауды өтінген сотталған "А".

Сотталған "А" 2019 жылдың желтоқсан айында Алматы облысы Талдықорған қалалық сотының үкімімен ҚР ҚК-нің 120 бабының 1 бөлігімен кінәлі деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

"Менің өмір сүргім келген жоқ, отырсам да тұрсам да есіме шырылдап жылап жатқан бала шағам түсе береді. Уайымнан арылудың жолын іздедім, алайда таба алмадым. Оның үстіне жасаған қылмысым үшін жұбайым менен теріс бұрылды. Ұяттан жанып-өртеніп тіпті атқарып жүрген жұмысынан да шығып кетті. Дәл осы менің қиын сәттерімде, мекеме психологтары әр кезде жанымнан табыла біліп, қолдау көрсетті" - деп сотталған "А" жан дүниесін ашты.

"Сотталған "А" Алматы облысы ҚАЖ Департаментіне қарасты ЛА-155/16 мекемесіне 2019 жылдың қыркүйек айында алғаш келген болатын. Бекітілген бұйрықтарға сәйкес, алғашқы бейімделу кезеңіне көмектесу, психодиагностикалық тексеру, әңгімелесу жүргізілді. Сотталған "А" қатты моральдік күйзеліске ұшырағанын бірден байқадым. Сол мезеттен бастап психокоррекциялық, психопрофилактикалық іс-шараларды қолдана отырып қарқынды жұмыс атқаруды жөн көрдім" - дейді мекеменің психолог маманы Гүлсім Мешелева.

"Қазіргі уақытта қал жағдайым жақсы, отбасыммен қарым-қатынасым үзілген жоқ. Психолог мамандардың көмегімен өзімнің жан дүниемді тазалай білдім. Менің күйзелісімді күрт өзгерткен, ол хат терапиясы болды. Хат терапиясы арқылы өзімнің жәбірленушімнен кешірім сұрадым, алайда ол маған оңай болған жоқ. Ақырындап отбасыммен қарым-қатынасым түзеле бастады. Мекеменің психолог мамандарымен жиі өткізілген консультациялар, тренингтар және әңгімелесу арқылы өмірге деген жаңа құлшыныс пайда болды, өзімнің істеген қылмысымды түсініп, қателіктерімді мойындадым" - деп "А" өз сөзіне қосты.

Бүгінде сотталған "А" Алматы облысы бойынша ҚАЖ Департаментіне қарасты ЛА-155/16 мекемесінің шаруашылық қызмет көрсету жөніндегі жасағында жазасын өтеуде. Мекеме қызметкерлерімен екінші разрядты жұмысшы болып жұмысқа орналастырылған. Жаза өтеу мерзімінде өзін жағымды жағынан көрсете білген. Айлық жалақысының белгілі бір бөлігін өтемақыларын төлеуге жұмсаса, қалған бөлігін отбасына жіберіп отыр.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: