Жаңалықтар тізбегі
0

Телевизияның контенті мен сапасын күшейту керек — А.Балаева

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.01.2021 02:47 Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі
Министрлік 2022 жылы түсіретін телесериалдар мен деректі фильмдерінің үздік сценарийлеріне байқау жариялауда.

21 қаңтарда Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның қазақстандық телевизияда отандық контентті дамыту бойынша жас режиссерлермен кездесуі өтті, деп хабарлайды zakon.kz.

Аида Балаева жастарға министрліктің қазақстандық телевизиядағы сапалы контентті дамыту бойынша, оның ішінде қоғамды мазалайтын және ерекше идеологиялық маңызы бар өзекті тақырыптарға арналған сериалдар, деректі фильмдер, арнайы бағдарламалар жасау бойынша жүргізіп жатқан жұмыстары туралы айтты.

Біздің министрлік мемлекеттік тапсырыстың және мемлекеттік ақпараттық тапсырыс шеңберінде жыл сайын елуге жуық телехикаялардың түсірілімін қамтамасыз етеді; ал деректі фильмдердің саны жүзден асады. Олардың кейбіреулері көрермендер арасында танымал болса, көпшілігінің сапасы, өкінішке орай, сын көтермейді, - деді министр.

Сонымен қатар, министр Министрліктің алдағы 2022 жылы түсіретін телесериалдар мен деректі фильмдерінің үздік сценарийлерін дайындауға байқау жариялап жатқанын атап өтті.

Оның негізгі тақырыптары министрліктің сайтында жарияланатын тақырыптық жоспарлар тізімінде көрсетілген, - деді Аида Балаева.

Жалпы, министрмен кездесуге отандық қызықты жобаларды құруда тәжірибесі бар 29 жас режиссер қатысты. Аида Балаева жас режиссерлерді дәл осы 2021 жылы министрлікке және мемлекеттік телеарналарға сериалдар мен фильмдердің жаңа сценарийлерін ұсынуға шақырды.

Іс-шараға қатысушылар министрлікке қазақстандық телевизияда ерекше, қызықты және сапалы контент құруда жаңа жобалар ұсынуға ниеттері мен дайындықтарын білдірді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: