Детективтік романдар мен повестердің әдеби байқауы жарияланды

Ашық дерекөздерден алынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.11.2020 20:17 Ашық дерекөздерден алынды
Байқау қорытындысын елімізге танымал ақын-жазушылар, сыншылар мен әдебиеттанушылар, қоғам қайраткерлері, журналистер және ішкі істер органдарының ардагерлері шығаратын болады.

ҚР ІІМ Қазақстан тарихында алғаш рет “Серт” республикалық детективтік шығармалар байқауын ұйымдастыруда, – деп хабарлайды zakon.kz.

Байқау Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын тойлау аясында өткізіледі.

Байқаудың мақсаты – халықтың құқықтық санасы мен мәдениетін, сондай-ақ патриотизмдік сезімді арттыру, ішкі істер органдарының қызметкерлерін Отанға қалтқысыз қызмет етуге, ант пен қызметтік парызға адал болуға тәрбиелеу.

Бұдан бұрын жарияланбаған ірі проза жанрындағы детективтік шығармаларды (80 беттен тұратын романдар мен 50 беттен тұратын повестер) қабылдауды ұйымдастыру комитеті 2021 жылғы 1 сәуір мен 1 мамыр аралығында жүргізеді. Байқау ережелерімен Ішкі істер министрлігінің ресми парақшасынан, әлеуметтік желілерден және Polisia.kz сайты мен өңірлік департаменттердің парақшаларынан таба аласыздар.

Байқау қорытындысын елімізге танымал ақын-жазушылар, сыншылар мен әдебиеттанушылар, қоғам қайраткерлері, журналистер және ішкі істер органдарының ардагерлері шығаратын болады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: