Қызылордада бір жыл бұрын жоғалған жеке куәлікпен несие рәсімделген

22 Қаңтар 2021, 12:45
Сурет: Ашық дерекөздерден алынды

Қызылордада ер адам бір жыл бұрын жоғалған бөтен біреудің жеке куәлігін пайдаланып, несие ресімдеген, деп хабарлайды zakon.kz.

Polisia.kz мәліметі бойынша,1994 жылы туған аудан орталығының тұрғыны Қызылорда қалалық Полиция басқармасына 20 қаңтар күні арызданды. Арызданушы 2019 жылы белгісіз жағдайда өзінің жеке куәлігін жоғалтып алған.

"2020 жылы белгісіз біреу арызданушының құжатын пайдалана отырып, “Деньги населению” шағын қаржы ұйымынан 60 000 теңге көлемінде несие ресімдеген. Полиция басқармасы қызметкерлерінің кәсіби шеберліктерінің арқасында осы қылмысты жасауға күдікті ретінде 19 жастағы қала тұрғыны ұсталды. Күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабының 2-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде", делінген облыстық ПД хабарламасында.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?