Ақтөбеде ұры екі мүгедек зейнеткерді көсеумен ұрып-соққан

altapress.ru altapress.ru
Күдікті Ақтөбе қалалық уақытша ұстау изольяторына тоғытылды.

Ақтөбеде үйге түскен ұры екі мүгедек зейнеткерді көсеумен ұрып-соққан, деп хабарлайды zakon.kz.

17 қаңтарға қараған түні белгісіз ер адам бөтеннің терезесінен үйге кіріп, қолындағы көсеумен ІІ-топтағы мүгедек 72 жастағы зейнеткерді және оның І-топтағы мүгедек әйелін ұрып, денсаулыққа зиян келтірген. Сөйткен ол қарттардың 20 000 теңге көлеміндегі бар ақшасын алып, оқиға орнынан қашып кетті, - деп хабарлады Ақтөбе облысының ПД.

Жедел-іздестіру шаралары барысында 45 жастағы күдікті анықталып, ұсталды. Күдікті ұрланған ақшаны өз қажеттілігіне жұмсап үлгерген.

Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабы, "Қарақшылық" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті Ақтөбе қалалық уақытша ұстау изольяторына тоғытылды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз