Жаңалықтар тізбегі
0

Полиция Алматы облысында арнайы операция  өткізді

PxHere, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.10.2021 03:25 PxHere
Күдікті уақытша ұстау изольяторына тоғытылды.

Алматы облысында есірткі сатушыны ұстау бойынша арнайы операция өтті, деп хабарлайды zakon.kz.

Биылғы жылдың қыркүйек айында Алматы облыстық Есірткі қылмыстарына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері С. деген азамат Талғар ауданы аумағында есірткі сатады деген ақпарат алды.

Жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде 45 жастағы азамат С-дан салмағы 5,07 грамм болатын "гашиш" ретінде белгілі есірткі зат алынды. Бұл факт ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы, 1-бөлігі, "Аса ірі көлемде есірткі заттарын заңсыз өткізу" бойынша бірыңғай тізілімге тіркелді, деп хабарлайды Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.

Қылмыстық істі сотқа дейінгі тергеу барысында, биылғы жылдың 11 қазанында арнайы операция кезінде тәртіп сақшылары күдікті мінген жеңіл көлікті тоқтатты. Куәгерлердің қатысуымен жеке тінту кезінде одан полиэтилендегі төрт қаптамаға оралған, ерекше иісі бар өсімдік тектес жасыл зат алынды.

Сараптама бұл затты есірткі - гашиш деп, салмағын 228,14 грамм деп таныды. Бұл факт ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігінің 3-тармағы, "Аса ірі көлемде есірткі заттарын сату үшін заңсыз дайындау, қайта өңдеу, алу, сақтау, тасымалдау" бойынша тіркелді, - дейді Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.

Күдікті уақытша ұстау изольяторына тоғытылды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: