Алматы толығымен цифрлық телевидениеге көшеді

avestnik.kz avestnik.kz
Келесі айдың басында Алматыда Көк-Төбе телемұнарасында цифрлық эфирлік теледидарға көшу бойынша іс-шара өтеді.

1 ақпаннан бастап Алматы қаласы цифрлық эфирлік телевидениеге толығымен көшеді, деп хабарлайды zakon.kz.

Қалалық әкімдіктің хабарлауынша, айдың басында Алматыда Көк-Төбе телемұнарасында цифрлық эфирлік телевидениеге көшу бойынша іс-шара өтеді.

Мұнара әлемдік телемұнаралар рейтингінде 14-орынға ие.

Алматыда және Алматы облысында цифрлық эфирлік телевизиялық хабар таратуды одан әрі дамыта отырып, кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын жобаны іске асыру барысында 90 цифрлық радио телевизиялық станция іске қосылды. РТС-тердің көптеп орнатылуы 736 елді-мекенді цифрлық эфирлік телевизиялық хабар таратумен қамтуға мүмкіндік берді, бұл қала мен облыс тұрғындарының 99% құрайды. Осылайша, 3,8 миллионнан астам қазақстандық ақысыз және сапалы телевизиялық қызметке қол жеткізді, деп хабарлады құзырлы ведомствадағылар.

Сондай-ақ, 1 ақпаннан бастап Солтүстік Қазақстан облысы цифрлық эфирлік теледидарға ауысады.

Цифрлық эфирлік телевизиялық хабар тарату жобасын аяқтау бүкіл ел бойынша 2022 жылға жоспарланған, - дейді әкімдік

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз