"Қасым хан" сериалынан 30 млн теңгеге жуық ақша ұрланды
Қазақфильм
Тергеу қылмысқа қатысы бар тұлғалардың тарихи сериалды түсіруге қажетті пиротехниканы сатып алуға бөлінген 29,9 млн теңгені жымқырғанын дәлелдеді.
Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті "Қазақфильм" АҚ-ның "Қасым хан" киножобасы" филиалының директорына қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады, деп хабарлайды zakon.kz.
Тергеу мәліметінше, Ахметов К.С пен өзге де заңды тұлғалар жеке бас пайдасына кенелу мақсатында қызметтік жағдайын пайдалану мен алдын-ала топтасып келісу арқылы аса ірі көлемде бөтеннің мүлігін жымқырды.
Тергеу қылмысқа қатысы бар тұлғалардың тарихи сериалды түсіруге қажетті пиротехниканы сатып алуға бөлінген 29,9 млн теңгені жымқырғанын дәлелдеді.
Сотқа дейінге тергеу кезінде күдікті тұлғалар "Қазақфильм" АҚ-ға келтірілген шығынды толық қайтарып бере салды.
Сот үкімімен айыпталушылар ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы, 3-бөлігі, 1,2-тармағы бойынша (өзгенің сеніп тапсырылған мүлкін иемдену немесе ысырап ету, ірі көлемде) кінәлі деп танылды және "Қасым хан" киножобасы" филиалының бұрынғы директоры 2 жылға бас бостандығынан айырылды. Оның екі сыбайласы пробациялық бақылаумен 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге және 100 сағатқа мәжбүрлі еңбекке тартылу жазасына сотталды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript