Астанада қонақүйдің кассасынан 1 млн теңгеге жуық ақша ұрланды
Астана полиция департаменті Есіл ауданы полиция басқармасы криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында қонақ үй кассасынан 1 млн 52 мың теңге ұрлады деген күдікпен 28 жастағы қала тұрғынын анықтады.
Белгілі болғаны, ер адам түнгі уақытта оңай олжа іздеп жүріп, есігі ашық қонақ үйді байқаған. Күдікті ішке кіргенде күзетші мен әкімшінің ұйықтап жатқанын көріп, кассадан қомақты сомада қолма-қол ақша оралған пакетті жасырын алып кеткен. Ұрланған ақшаның жартысын ол өз керегіне жаратып үлгерген.
Аталған фактіге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ер адам кінәсін мойындаған.
Сондай-ақ оның Астана аумағында жасалған ұрлықтың тағы екі фактісіне қатысы бары анықталды.