Оралда бойжеткен қонақүйдің үшінші қабатынан секірмек болды

Оралда бойжеткен қонақүйдің үшінші қабатынан секірмек болды, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.02.2025 20:06 Сурет: Zakon.kz
Оралда патрульдік полиция қонақүйдің үшінші қабатынан секірмек болған қызды құтқарып қалды, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Полицияға қаладағы қонақүйлердің бірінен шұғыл қоңырау келіп түсті. Оқиға орнына дереу полиция қызметкерлері жетті.

Оқиға орнына келген тәртіп сақшылары терезе жақтауында секіруге оқталған қызды тапты.

"Полиция қызметкерлері қызды қауіпсіз жерге шығарып, қонақүйдің ішіне кіргізді. Құтқарылған қызға қажетті көмек көрсетіліп, туыстарына тапсырылды", - деп хабарлады полиция.

Сараптама қорытындысына сәйкес, қыз мас болған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: