Сәтбаевта 17 жастағы қыз анасына ренжіп, терезеден секірмек болған

суицид, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.05.2023 09:09 Сурет: видео скрині
Сәтбаев қаласының полицейлері терезеден секірмек болған 17 жасар қызды құтқарып қалды, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

20 мамыр күні полиция басқармасына қөпқабатты үйлердің бірінде жас қыздың терезеден секіргелі тұрғаны туралы хабарлама түскен.

Оқиға орнына дереу жеткен патрульдік полицейлер терезенің жақтауында тұрған қызды көрген.

"Санаулы секундтарда қолайлы сәтті пайдаланып, қызды терезеден ішке тартып алдық", - деді полицейлер.

Қыз бала медициналық мекемеге жеткізілді. Бұл қадамға анасымен сөзге келіспей қалғандықтан барғанын айтқан. Тергеу амалдары жүріп жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: