Тоқаев өзіне коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцинаны салдыртады
Ақорда
Елімізде жаппай вакцинация 1 ақпаннан бастап басталады.
Қасым-Жомарт Тоқаев өзіне коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцинаны салдыртатынын айтты, деп хабарлайды zakon.kz.
Бұл туралы ол Үкіметтің кеңейтілген отырысында мәлімдеді.
Отандық вакцина сынағы оң нәтиже береді деп үміттенеміз. Ондай жағдайда мен қазақстандық вакцинаны салдыртамын, егер, әрине, жақсы нәтиже алып жатсақ. Солай болады деп үміттенемін, - деді Президент.
Елімізде жаппай вакцинация 1 ақпаннан бастап басталады. Қазақстанда ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов коронавирусқа қарсы алғашқылардың бірі болып отандық вакцинаны салдыртты. Сондай-ақ отандық вакцинаны салдыртуға Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі Ерлан Карин, Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев ерік білдірді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript