Биыл Өзбекстанда президент сайлауы мерзімінен бұрын өтуі мүмкін

ozodlik.org ozodlik.org
Соңғы мәрте Өзбекстанда президент сайлауы 2016 жылы 4 желтоқсанда өтті.

Өзбекстанда президент сайлауы биыл қазан айында өтуі мүмкін. Бұл мәселе 25 қаңтарда парламентте талқыланды, деп хабарлайды zakon.kz.

Заңда президент сайлауы желтоқсан айының үшінші он күндігіндегі алғашқы жексенбіде өтетіні айтылған, дейді centralasian.org.

Дүйсенбі күні талқыланған заң жобасы қабылданса, онда биыл президент сайлауы Өзбекстанда 24 қазанда ұйымдастырылады.

Мемлекет басшысы Шавкат Мирзияев былтырғы желтоқсанда парламентте жасаған үндеуінде 2021 жылы президент сайлауы өтетінін айтқан.

"Өзбекстанда 2021 жылы өтетін президент сайлауы халықаралық стандарттарға сай ұйымдастырылуы тиіс" деген Мирзияев.

Өзбекстан Конституциясында мемлекет басшысы құпия дауыс беру арқылы бес жылға сайланатыны айтылған.

Соңғы мәрте Өзбекстанда президент сайлауы 2016 жылы 4 желтоқсанда өтті.

zkadm
Басты Топ LIVE Бәрі
bellz
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз