Жаңалықтар тізбегі
0

Өзбекстанда парламент пен жергілікті кеңестердің кезекті сайлауы өтеді

Өзбекстанда парламент пен жергілікті кеңестердің кезекті сайлауы өтеді, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.07.2024 13:55 Сурет: pixabay
Өзбекстанда парламент пен жергілікті кеңестердің кезекті сайлауы өтеді. Саяси дода 27-ші қазанға белгіленді.

Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы хабарлады. Биылғы сайлаудың ерекшеліктері өте көп, ең бастысы саяси дода тұңғыш рет аралас жүйе бойынша өткізілмек.

Бұған дейін Өзбекстанда сайлау мажоритарлық жүйе бойынша өтіп келген. Яғни, өз округінде халықтан көп дауыс алған кандидаттар сайланатын. Өткен жылы желтоқсанда елдің президенті Шавкат Мирзиеев аралас сайлау жүйесіне көшу туралы заңға қол қойды.

Енді Олий Мәжілістің заң шығару палатасындағы 75 депутат мажоритарлық жүйе бойынша бір мандатты округтерден сайланады, деп жазады qazaqstan.tv.

Ал қалған 75-і пропорционалдық жүйемен саяси партияларға берілген дауыстар негізінде таңдалады. Әйелдердің саны депутаттыққа үміткер азаматтардың кемінде 40%-ын құрауы тиіс. Сонымен алдағы сайлауда Олий Мәжілістің 150, Сенаттың 56, Қарақалпақстан Жоғарғы Кеңесінің 65 депутаты мен облыс, қала және аудандық кеңестердің депутаты сайланады.

Саяси додаға 30 мыңға жуық кандидат пен олардың 90 мыңдай сенімді өкілі, сайлау комиссияларының 120 мыңнан астам мүшесі мен 70 мыңға тарта бақылаушы қатысады деген жоспар бар.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: