2020 жылы салық түсімдері бойынша бюджет жоспары 100% орындалды

27 Қаңтар 2021, 21:36
Сурет: kapital.kz

2020 жылғы мемлекеттік бюджетке салық түсімдері бойынша жоспар 102,8%, оның ішінде республикалық бюджет 100,3% және жергілікті бюджет 107,7% орындалды, деп хабарлайды zakon.kz ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап.

Есепті кезеңде мемлекеттік бюджетке түскен салық түсімдері 2019 жылмен салыстырғанда 7,1%-ға (немесе 655,3 млрд теңгеге) төмендеумен 8561,2 млрд теңгені құрады. Оның ішінде республикалық бюджет бойынша 18,4%-ға (немесе 1259,7 млрд теңгеге) төмендеді, жергілікті бюджет бойынша 25,4%-ға (немесе 604,4 млрд теңгеге) өсті.

Республикалық салықтар бөлігінде орындалмау ішкі тауар өндірісіне ҚҚС (13,1%-ға) және үшінші елдерден импортқа ҚҚС (11,3%-ға) бойынша байқалады.

Түсімдер өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда КТС (20,9%-ға), ішкі тауар өндірісіне ҚҚС (10,9%-ға) және үшінші елдерден импортқа ҚҚС бойынша (3,7%-ға) төмендеді.

Төмендеудің себебі сыртқы және ішкі факторларға байланысты экономикалық ахуалдың нашарлауы болып табылады.

2019 жылмен салыстырғанда негізгі экспорттық позицияларға, оның ішінде мұнайға 34,8%, мырышқа 9,4%, қорғасынға 8,6% және алюминийге 5,3%, бағаның төмендеуі байқалады.

2020 жылы үшінші елдермен тауар айналымы 14,2%-ға (экспорт 19,6%-ға, импорт 2,8%-ға) төмендеді.

2020 жылғы іске асыру бойынша айналымдар 2019 жылмен салыстырғанда 9,7%-ға (102 139 млрд теңгеден 92 274 млрд теңгеге дейін) төмендеді.

Көрсетілген кезеңде бір салық төлеушіге онлайн БКМ орташа түсімі 15,6%-ға (48,5 млн теңгеден 41,0 млн теңгеге дейін) төмендеді.

2020 жылғы жергілікті бюджетке түсетін салық түсімдері бойынша жоспар 213,4 млрд теңгеге артық орындаумен, 107,7% орындалды.

ЖБ-ға салық түсімдері 2985,3 млрд теңгені құрады, 2019 жылмен салыстырғанда 25,4%-ға (немесе 604,4 млрд теңгеге) өсті.

Жергілікті бюджет жоспарының артығымен орындалуына корпоративті табыс салығының жергілікті бюджетке берілуі әсер етті.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?