Жаңалықтар тізбегі
0

Полицияға ұсталған тракторшы балалар оқиғасы қай өңірде болғаны белгілі болды

видеодан алынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.01.2021 15:36 видеодан алынды
Бойы жетпесе де ауыр техниканы ұршықша иірген болашақ шопырлар ешқандай жауапкершілікке тартылған жоқ. Есесіне олардың ата-аналарына хаттама толтырылған.

Маңғыстау облысында трактор тізгіндеген екі баланың ата-анасына хаттама толтырылды. 8 және 9 жастағы мектеп оқушылары ауыр техниканы ауыл арасында айдап жүргенде ұсталған, деп хабарлайды zakon.kz.

- Жылдамдыққа қойдың ба?

- Жылдамдықта тұр. Тәте, ГАИ ұстап алды. Тәте кілтті алып алды. Телефонмен сөйлеспеймін деп тұр. Үйге жаяу барыңдар дейді.

Осындай диалогтағы жол полиция қызметкері мен баланың видеосы мессенджерлер арқылы тарап жатыр. Сөйтсек, бұл оқиға былтыр қазан айында Жаңаөзен қаласына қарасты Қызылсай ауылында болған екен. Онда ересек адамның өзі басқара алмайтын алып техниканы қаршадай балалар зуылдатып жүргенде полицейлер ұстап алады. Сонда да саспайтын балақайлар ағасына хабарласып, тәртіп сақшыларымен тілдесуін өтінген. Бірақ жол сақшылары оған келіспей, көліктің кілтін алып қояды. Бойы жетпесе де ауыр техниканы ұршықша иірген болашақ шопырлар ешқандай жауапкершілікке тартылған жоқ. Есесіне олардың ата-аналарына хаттама толтырылған.

Әйгерім Ибатуллаева, Маңғыстау облыстық ПД баспасөз қызметінің бастығы:

- Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі қызметкерлер ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы және 128-бабымен әкімшілік хаттама толтырды. Іс материалдары Жаңаөзен қаласы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау бөліміне берілді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: