Алматыда карантиндік шаралар күшейтілді

28 Қаңтар 2021, 09:57
Сурет: elorda.info

Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшиннің жаңа қаулысы шықты. Онда сауда ойын-сауық орталығы мен кафе, мейрамхана мен базарлардың жұмысына шектеулер енгізу жайы қамтылған, деп хабарлайды zakon.kz.

Қарарға 28 қаңтарда қол қойылды.

Онда:

коронавирус инфекциясының барлық формадағы КВИ науқастарды міндетті түрде госпитализациялау туралы;

жұмыс күндері сауда-ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлері мен сауда желілерінің қызметін сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін шектеу, ал демалыс күндері олардың жұмысына мүлде тыйым салу;

сенбі мен жексенбіде жабық базарлардың жұмысына тыйым салу, ал жұмыс күндері сағат 17.00-ге дейін рұқсат ету;

9: 00-ден 20: 00-ге дейін қоғамдық тамақтану объектілерінің қызметін шектеу (толымдылық деңгейі 50% -дан аспайды, әр үстелге 4 орыннан рұқсат беріледі, әлеуметтік арақашықтықты, маска режимін, термометрияны сақтау) ;

сауда және ойын-сауық орталықтары мен сауда үйлерінде орналасқан тамақтандыру орындары мен футкордтардың жұмысын шектеу жайы қарастырылған. Олар сағат 7: 00-ден 20: 00-ге дейін алдын ала жазылу арқылы тек дайын тамақты үйіне жеткізу бойынша қызмет ете алады.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?