Нұр-Сұлтанда карантиндік шаралар күшейтілді

Жаңа қаулы, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.01.2022 20:33 Сурет: pixabay
Нұр-Сұлтанның бас мемлекеттік санитарлық дәрігері қаладағы шектеу шаралары туралы жаңа қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz

Нұр-Cұлтан қаласының тұрғындары мен қонақтары келесі талаптарды қатаң сақтауы керек:

  • Ashyq жобасына қатысатын нысандарда 30 адамға дейін ас беруге болатынын есепке алмағанда, отбасылық, еске алу, сондай-ақ бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салынады.

Ashyq жобасына қатысқанына қарамастан мыналарға тыйым салынады:

  • концерт залдарының, филармониялардың, театрлардың, цирктердің, кинотеатрлардың қызметіне;

  • діни бірлестік нысандары мен олардың территорияларында (мешіттер, шіркеулер, соборлар, синагогалар және т. б.) ұжымдық іс-шаралар (жұма намазы, діни жоралғылар және т.б.) өткізуге;

  • конференциялар, семинарлар, көрмелер, форумдар өткізуге;

  • түнгі клубтардың, караокенің қызметіне;

  • қоғамдық тамақтану нысанындағы тұрып тамақтанатын орын - барлардың қызметіне.

Осы қаулы қол қойылған сәттен бастап өз күшіне енеді.

Қаулы мәтінімен толық мына арадан танысуға болады

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: