ШҚО-да экскаватордың кесірінен тоғыз ауыл газсыз қалды

28 Қаңтар 2021, 11:12
Сурет: Медиахолдинг1Mi

Шығыс Қазақстан облысында алдыңғы түні тоғыз ауыл газсыз қалды, деп хабарлайды zakon.kz.

ШҚО әкімдігінің хабарплауынша, 2021 жылдың 27 қаңтар күні сағат 19-30-да "Барыс көл" ЖШС экскаваторшысы Әлібек Өткелбаев көпір құрылысы бойынша жер жұмыстарын орындау кезінде Зайсан ауданының 9 елді мекенін газбен қамтамасыз ететін жоғары қысымды магистралды газ құбырына байқаусызда зақым келтірді.

Нәтижесінде, Айнабұлақ, Қаратал, Үлкен-Қаратал, Шалқар, Көгедай, Қайнар, Кеңсай, Жамбыл, Қарабұлақ елді-мекендеріндегі 2105 абонентке газ беру шұғыл тоқтатылды.

Аудан әкімінің басшылығымен қалпына келтіру жұмыстары орнында штаб құрылды. 6 мотопомпа, АЦ-40, 1 КУНГ, 50 техника, сондай-ақ "Барыс көл" ЖШС тарапынан барлық қажетті техника жұмылдырылды.

"9 елді мекенде көмір мен қажетті отын қорын тасымалдау ұйымдастырылды. Айта кетейік, барлық үйлер апат кезінде автономды жылу көздеріне көшті. Ал сыртқы ауа температурасы -17 градусты құрады. Бүгін таңертең сағат 8.00-де апат салдары жойылып, абоненттерді қосу жұмыстары басталды", делінген әкімдік хабарламасында.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?