Атыраудың оң жағалауы газсыз қалды

pixabay.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.09.2021 23:14 pixabay.com
Жоспар бойынша жөндеу жұмыстары кешке дейін аяқталуы керек.

Атыраудың оң жағалауында газ шығып қалып, апатты жағдай орын алды, деп хабарлайды zakon.kz.

15 қыркүйекте Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 08.45-те апатты-диспетчер қызметіне Атырау-Орал тас жолының бесінші шақырымындағы жер асты газ құбырында ақау болып, газдың шығып қалғаны жайлы хабарлама келіп түсті, деп хабарлады "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ баспасөз қызметі.

Арнайы бригада апат болған жерге дереу жетіп, жөндеу жұмыстарын бастады.

Аталған проблеманы жою үшін облыс орталығының оң жағы газдан ажыратылып, жер асты шүмегін жабуға тура келді. Атырау қаласының оң жағалауы ("Атырау" ықшам ауданы, "Авангард", ескі қала, Еркінқала ауылы) газдан уақытша ажыратылды, деп хабарлады компаниядағылар.

Жоспар бойынша жөндеу жұмыстары кешке дейін аяқталуы керек.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: