Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыдағы Абай және әл-Фараби даңғылдарындағы жөндеу жұмыстары мерзімінен бұрын аяқталады

Негізгі магистралды көшелерді орташа жөндеу жұмыстары бекітілген уақытынан ерте аяқталады: Абай және Әл-Фараби даңғылдарында жөнделетін бірнеше бөлік қана қалды, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.08.2023 10:44 Сурет: Zakon.kz
Қаладағы негізгі даңғылдарда көлік қозғалысы бекітілген кестеге сәйкес 31 тамылға қарай аяқталуы керек болған. Алайда жөндеу жұмыстары 20 тамызға дейін аяқталады деп жоспарланып отыр.

Әл-Фараби даңғылының оңтүстік бетінде жұмыстар толығымен аяқталып, солтүстік бетінде Достық даңғылынан Ходжанов көшесіне дейін жөнделген болатын. Енді 5 тамыз сағ.23:00-ден 7 тамыз 06:00-ге дейін Ходжанов көшесінен Гагарин даңғылына дейін полимерлі асфальтбетон жабынын төсеуге байланысты көлік қоозғалысы шектеледі. 6 тамыз күні Ходжанов көшесінен Дулати көшесіне дейін реверсивті көлік қозғалысы ұйымдастырылады.

Абай даңғылында екі мердігер ұйым қатар жұмыс жасап жатыр. Батыс бағытта Достық даңғылынан Розыбакиев көшесіне дейін жөндеу жұмыстары аяқталып, көлік қозғалысы ашылған. Ал шығыс бағытта Наурызбай батыр көшесінен Достық даңғылына дейінгі соңғы бөлік жөнделмек. Аталған бөлікте 6 тамыз сағ.23.00-ден 8 тамыз сағ.06.00-ге дейін полимерлі асфальтбетон жабынын төсеуге байланысты көлік қозғалысы шектеледі.

Жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін патрульдік полиция қызметкерлері қамтамасыз етеді. Реверсивті көлік қозғалысы кезінде әл-Фараби даңғылында жылдамдықты 40км\сағ шектеу туралы белгілер қойылып, жолақтар конусты фишкалармен белгіленеді. Реверсивті қозғалыс алдында екі жақтан көлік ағындарын бөліп тұратын металл турникеттер қойылады.

Жол жөндеу жұмыстары жайлы соңғы жаңалықтар қала әкімдігі мен қалалық мобилділік басқармасының ресми парақшаларында, Алматы жол телеграм арнасында, сонымен қатар, 2ГИС және Яндекс карта қосымшаларында қолжетімді.

Естеріңізге сала кетейік, Алматыдағы магистральдық көшелерге жол төсемін төсеуде алғаш рет жаңа технологияларды қолданылды. Асфальтбетондардың құрамында полимерлер қолданылады. Мұндай қоспалар тозуға төзімді, жұмсару температурасы жоғары (65-70°C), ыстыққа төтеп беріп, әлдеқайда ұзағырақ қызмет етеді. Қазіргі 5 жылдың орнына 8-10 жыл пайдалануға болады.

Жол жөндеу жұмыстары 2023 жылға жоспарланған жұмыстар аясында жүргізіліп отыр. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз. Бұл қала жолдары ұзағырақ пайдалануға қажетті шара. Маршрутты алдын ала жоспарлап алыңыздар.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: