Мәскеуде Қазақстан-Ресей ынтымақтастығының бірқатар екіжақты мәселелері қаралды

primeminister.kz primeminister.kz
Өнеркәсіптік кооперация тақырыбы Ресей Федерациясының өнеркәсіп және сауда министрі Денис Мантуровпен келіссөздерде көрініс тапты.

Биылғы жылдың 26-27 қаңтарында Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Роман Скляр бастаған үкіметтік делегация Мәскеу қаласына жұмыс сапарымен барды. Ресей Федерациясы Үкіметі Төрағасының орынбасары Юрий Борисовпен кездесу барысында өнеркәсіп және ғарыш салаларындағы ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелері қаралды.

Өнеркәсіптік кооперация тақырыбы Ресей Федерациясының өнеркәсіп және сауда министрі Денис Мантуровпен келіссөздерде көрініс тапты.

Тараптар уағдаластықтарды, оның ішінде 2019 жылғы 3 сәуірде екі мемлекет басшының қатысуымен қол қойылған Қазақстан-Ресей өндірістік кооперациясы саласындағы бірлескен іс-қимыл бағдарламасы шеңберіндегі уағдаластықтарды іске асыру барысын талқылады.

Сапар аясында Роман Скляр сонымен қатар Ресей Федерациясының көлік министрі Виталий Савельевпен кездесті.

Көлік саласындағы, сондай-ақ Қазақстан-Ресей шекарасы арқылы автомобиль жолдары мен өткізу пункттерінің инфрақұрылымы саласындағы өзара іс-қимылдың ең өзекті мәселелері талқыланды.

Кездесуге қатысушылар екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайту және өзара тиімді бірлескен жобаларды іске асыру бойынша бірлескен күш-жігердің нәтижелілігін атап өтті.

zkadm
Басты Топ LIVE Бәрі
bellz
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз