Ақтөбедегі мектепке бір айда 2 рет бомба қойылғаны туралы хабар түсті

28 Қаңтар 2021, 11:52
Сурет: stopterror.uz

Ағымдағы жылдың бір айында Ақтөбе қаласындағы №51 мектепке бомба қойылғаны туралы 2 хабарлама келіп түсті. Екі жағдайда да хаттар бір электрондық мекен-жайдан келген. Хабарлама жазған адамды анықтауға және ұстауға бағытталған жедел іс-шаралар жүргізілуде, деп хабарлайды zakon.kz Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлағаны үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 273-бабында қылмыстық жауаптылық белгіленген. ҚР ҚК-нің 273-бабында көзделген жауапкершілік 14 жасқа толған адамға қатысты қарастырылған, - дейді Ақтөбе облысы ПД бастығы Атығай Арыстанов.

Осы баптың санкциясы бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салу не сол мөлшерде түзеу жұмыстары не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауаптылықты көздейді.

А.Арыстановтың айтуынша, "Білім беру мекемелерінің оқушылары арасында мұндай қоңыраулар жиі кездеседі. Оқушының жасына қарамастан, (оның жеке мүлкі мен табысының болмауына байланысты) келіп түскен хабарламаны тексеру жөніндегі арнайы іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге байланысты материалдық залал оның ата-анасына жүктеледі".

Осылайша, бір қарағанда "зиянсыз деген хабарлама" бас бостандығынан айыруға дейін әкелуі мүмкін.

Өткен 2020 жылы терроризм актісі туралы осындай жалған хабарламалардың 2 фактісі тіркелді, қоңырау шалушылар анықталып, қылмыстық жауапкершілікке тартылды.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?