Полицияға КТК арнасының ғимаратына бомба қойылды деген хабар түсті

inform.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.11.2018 21:34 inform.kz
Бұл ғимаратта көптеген жекеменшік офистер, КТК және НТК, Еуразия бірінші арнасы телеарналарының, біршама газеттердің редакциясы орналасқан.

Алматы полициясына Республика алаңы, 13 мекен жайындағы ғимаратта жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама түскен, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл ғимаратта көптеген жекеменшік офистер, КТК және НТК, Еуразия бірінші арнасы телеарналарының, біршама газеттердің редакциясы орналасқан.

Қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбектің айтуынша, қазір оқиға орнында шұғыл әрекет ету органдары жұмыс істеп жатыр.

"Жаңалықтар редакциясына түскі 12:00 шамасында белгісіз біреу хабарласып, ғимаратқа жарылғыш зат қойылғаны туралы айтқан. Қазір оқиға орнында опеартивті қызмет өкілдері бірқатар кешенді істер атқарып жатыр. Оның ішінде адамдар қауіпсіз жерге көшіріліп, ғимарат тексеріліп жатыр", - деді Салтанат Әзірбек.

Телеарна өкілдерінің айтуынша, қазір ғимараттағы 100-дей адам сыртта жүр. Іздестіру шаралары жалғасуда.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: