Ленинград блокадасы – ойдан шығарылған аңыз

РИА Новости/Борис Кудояров РИА Новости/Борис Кудояров
Халық аштан шыбынша қырылып жатқанда Смольный қызметкерлері қызыл уылдырық пен консервілерге қарық болып жүрген.

Жазушы-публицист Марат Бәйділдаұлы (Тоқашбаев) солай дейді желіде. Оның пайымынша, ол советтік басшылықтың өз қылмысын жабу үшін ойлап тапқан аңызы.

Публицистің жазғаны мынау:

Бүгін Ленинград қоршауы бұзылған күн дейді білгіштер. 1944 жылы 27-қаңтарда 872 күнге созылған (кей тұста 900 күн деп жатады) блокада аяқталыпты. Алдында совет, кейін Ресей идеологиясы осы "блокаданы" совет халқының қаһармандығы ретінде көрсетуге 77 жылдан бері жан сала тырысып келеді.

Бірақ іс жүзінде ақиқат қандай?

1945 жылы қараша айында антигитлерлік коалиция: СССР, АҚШ, Англия және Франция елдері ресми өкілдерінің қатысуымен басталған Нюрнберг процесінде советтік прокурорлар қаншама тырысқанымен Ленинград блокадасына қатысты жауапкершілікті Германияның мойнына іле алмады. Халықаралық трибуналда фашистік командование басшылығы блокаданың болмағандығын дәлелдеп шықты. Сондықтан "Ленинград блокадасы" айыптау тізімінен алынып тасталды!

"Қоршаудағы" Ленинградқа теміржол тармағы кіріп тұрған. Ладога көлінде 60 шақырымдық жағалау советтердің қолында болған. Онда жазда кемемен, қыста мұз үстімен машиналар арқылы үздіксіз байланыс жалғасып жатты. Волхов ГЭС-і қаланы электр қуатымен қамтамасыз етті. Алайда барлық мүмкіндік қала тұрғындарын аман сақтауға емес, майданды жабдықтауға жұмылдырылды. 3 миллион тұрғыны бар қаладан немістер жақындағанда азық-түлік қоры тасып әкетілген. 700 мыңға жуық ленинградтықтың негізінен аштан қырылуына советтік басшылықтың жауапсыздығы, дәлірек айтқанда немқұрайдылығы себеп болған.

Қалада зауыт-фабрикалар жұмыс істеп жатты. Жеткізілетін азғантай азық-түліктің өзі өндірістегі жұмысшыларға жұмсалды. Тұрғындарды эвакуациялаудың орнына зауыттарда жасалған танкілер, минометтер, зеңбіректер, оқ-дәрілер Мәскеуге жөнелтілетін.

"Үлкен жерден" қалаға қару-жарақ жасауға қажетті металл, бөлшектер, әскер үшін азық-түлік тасылды. Жай тұрғындар күніне 125 грамм қара нанға қарап қалды. Халық аштан шыбынша қырылып жатқанда Смольный қызметкерлері қызыл уылдырық пен консервілерге қарық болып жүрген. Сорақы мысал, Ленинград майданында жүк тасымалдауға 60 000 жылқы пайдаланылды. Қалада күніне 3000-4000 адам өліп жатқанда сол жылқының бірде біреуі өлмеген.

"Ленинград блокадасы" советтік басшылықтың өз қылмысын жабу үшін ойлап тапқан аңызы. И.В.Сталиннің 1945 жылы 24 маусымда Жеңіс парадынан кейінгі банкетте сөйлеген сөзінде "Әдетте жеңімпаздарды соттамайды, бірақ бұл соғыста жеңімпаздар да тергелуі, қылмыстылары сотталуы қажет!" дегені шындыққа әбден үйлеседі!

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз