Жаңалықтар тізбегі
0

Интернетті мың жерден бұғаттасын – күнді қолмен жаба алмайсың

Малика Каримова. Ақтөбе / voxpopuli.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.02.2020 21:31 Малика Каримова. Ақтөбе / voxpopuli.kz
Халық пен билік антоним болып кетті.

Қандастың қабырғасы қайысса, жұрт болып жұмылып, жабыла жәрдемдесіп жатамыз. Соңғы екі жыл соры бағынан батпандай асқан уақыт болды. "Бір айналдырса шыр айналдырады" деген рас екен, деп жазады желіде Жалғас Зейнолла.

- Халық қазір жарасын жалап жазған бөрідей күйге енгені жасырын емес. Мың жерден интернетті бұғаттап, шындықтың тұмсығына тұмылдырық тағуға тырысқанмен күнді қолмен жаба алмайсың. Тәуелсіздікке тәубә деген тоқсандарда отыз жылдан кейін осындай күй кешеміз деп ешкім ойламаса керек-ті, дейді ол.

Ел аузында жүрген сөздер әбден жаттанды түрге енді. Қарапайым болса да, шындық сол.

– Тізгінді ұстағандар қит етсе шетелмен салыстырғанды ұнатады ғой. Жанармай мен азық-түлік бағасы т.б. сөз болса "Әне, Ресейді, Қырғызстанды қара", - дейді. Ендеше 18 млн адам деген сол шетелдегі ірі қаланың тұрғынымен тең. Ал бізге құдай байлықты үйіп-төгіп бере салғаны бақ па, сор ма? Қайда сол байлығым? Өзімізге неге жетпей отыр? Көптің көкейінде сұрақ дегенің күн санап артып келеді. Ақиқат іздеген адамды апыр-топыр қамай бермей, халыққа бет бұрса игі еді. Себебі, жоғары жақтың қазіргі саясаты билік пен халықты жақындата қоярына сену қиын. Бай-байға, сай-сайға құйып, кедей ел кедейлене түскеннен басқаны көріп тұрғанымыз жоқ, – делінеді жазбада.

Қаптап жүрген депутат керек емес. Далаға шашылып жатқан ақшаға үнем керек. Елге зауыттар керек, халыққа жұмыс керек сияқты.

– Сондықтан, ертең үлкен нәубет келмес үшін, билік бүгіннен бастап осыны ойласа етті. Шынымен ойласа! Баспана бағасы мен азық-түліктің құнын төмендетсе, айлықты өсірсе! Елдің құқығы аяққа тапталмай қорғалса! Мәжіліс пен Сенат депутаттарының айлығы екі есе қысқарып, одан үнемделген қаржыны ел игіліне жұмсаса! Тапсырманы уақытылы орындамағандарды ел алдына шығарып сөгіс жариялап барып, қызметінен қуса! Астанаға ғана емес, аймақтарға көңіл бөлінсе! Зауыттар салынып, қарапайым халық жұмысқа жұмылдырылса! Айта берсе тілек көп, тілектен гөрі арман дегенге келеді, – дейді пост авторы.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.02.2020 21:31

Фото: Наталья Денисова. Қызылорда. voxpopuli.kz

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: