Жаңалықтар тізбегі
0

Азаматтардың көңілі толмаса – әкімдер жазаланады

Ақорда, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.09.2019 18:35 Ақорда
Жергілікті билік халық үшін әрдайым ашық болуы керек.

Парламент палаталарының бірлескен отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялап, жергілікті билік органдарының жұмысының тиімділігін халық бағалайтын жүйені пилоттық жоба ретінде енгізуді ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Күшті аймақтар - күшті мемлекет. Бұл менің сайлауалды тұғырнамамда да айтылды", - деп еске салды ол.

- Халық әрдайым жергілікті билік органдарына жүгіне алуы керек. Бұл аксиома, бірақ шынайы өмірімізде олай болмай тұр. Мен пилоттық жоба ретінде жергілікті билік органдарының тиімділігін бағалау жүйесін енгізуге болады деп санаймын. Мәселен, егер сауалнама немесе онлайн-дауыс беру нәтижесінде тұрғындардың 30%-дан астамы қала немесе ауыл әкімінің қызметін тиімсіз деп санаса, бұл Президент әкімшілігінің мәселені зерделеу үшін арнайы ұсыныс жасайтын комиссия құруға негіз болады, - деп қосты ол.

Президент Қазақстанның барша халқын мерейлі мекенімізді өркендетуге үлес қосуға шақырды.

– Мен ел тағдырына жаны ашитын Әрбір азаматқа зор сенім артамын. Қазақстан – ортақ шаңырағымыз! Мен бәріңізді мерейлі мекенімізді өркендетуге үлес қосуға шақырамын! Сындарлы қоғамдық диалог – татулық пен тұрақтылық негізі, – деп түйіндеді ол.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: