Испанияда дала өртіне байланысты 3 мың адам эвакуацияланды
Хабар 24
Тұрғындар түтіннен уланып қалмау үшін жергілікті билік өкілдері осындай шешім қабылдады.
Испанияның Валенсия қаласында дала өрті салдарынан 3 мың адам қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлайды Хабар 24.
Тұрғындар түтіннен уланып қалмау үшін жергілікті билік өкілдері осындай шешім қабылдады. Лученте елді мекеніндегі өрт бірнеше күннен бері ауыздықталмай жатыр. Қызыл жалын 20 үй мен 600 гектар орманды шарпыды. Жүздеген адам Гандия қаласындағы арнайы павильонға эвакуацияланды.
Айта кетейік, Испаниядағы орман өрті аптап ыстық салдарынан тұтанған. Қызыл жалынмен күресуге 600 өрт сөндіруші мен 25 әуе техникасы тартылды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript