Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевпен кездесті

Elbasy.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.02.2020 20:16 Elbasy.kz
Халық Қарулы Күштердің мүмкіндіктеріне сенімді болуы керек - Елбасы.

Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевпен кездесті, деп хабарлайды zakon.kz Elbasy.kz ресурсына сілтеме жасап.

Әңгіме барысында Елбасы Қарулы Күштердің мемлекеттің қауіпсіздігі мен тұрақтылығын қамтамасыз етудегі маңызды рөліне тоқталды.

Нұрсұлтан Назарбаев армияның жауынгерлік дайындығын сақтау, еліміздің Қарулы Күштерін жаңғырту және технологиялық жетілдіруді қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті.

- Сіздің жұмысыңыз үлкен жауапкершілікті талап етеді. Халық Қарулы Күштердің мүмкіндіктеріне сенімді болуы керек. Біздің мемлекетіміздің тұрақтылығы осыған байланысты, - деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: