Жаңалықтар тізбегі
0

Шымкентте Абайдың портреті жерде жатыр

www.zamana.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.04.2018 15:10 www.zamana.kz
Адамдар неге мұндай болып барады? Тарихқа, әдебиетке, мәдениетке деген құрмет ұрпақ санасынан неге ұмыт болып барады?

Кезінде «Шымкент келбеті» – «Панорама Шымкента» газеттерінде фототілші болып еңбек еткен әріптесіміз Әбдуәлі Розметов бізбен хабарласып, өзін толғандырған мәселелер жөнінде ой бөлісіп тұрады. Бойына кеңестік тәрбие сіңген Әбекең – өмірде, қоғамда болып жатқан құбылыстарға жіті қарайтын азамат. Көңілге жылылық ұялататын жайлар, сондай-ақ кейбір келеңсіз нәрселер де оның назарынан тыс қалмайды, деп жазады Замана газеті.

Дана Абайдың портреті неге жылдап жерде тұр?

Кешегі сәрсенбіде А.Розметов жолы түсіп, редакциямызға келді. Құр қол емес, өзінің кәсіпқой әдетімен көшеде назарын аударған бірер келеңсіз көрі­ністерді фотоға түсіре келіпті. Соның бірі – халқымыздың ойшыл ақыны Абай Құнанбайұлының майлы бояумен жасалған портреті. Бүгінде ол қаладағы Ас­қаров көшесінің бас жағында, сондағы көпқабатты үйдің қабырғасына сүйеулі тұр екен.

«Оның осы жерде тұрғанын мен алғаш рет өткен күзде көргенмін, – дейді Әлекең. – Содан бері бірнеше ай өтсе де ол жерде әлі тұр. Оны бұл маңға кімдер қойды, не үшін қойды – белгісіз. Кейінгі кезде бір шетіне шлагбаум орналастырылыпты, екінші жағында асхана пайда болыпты. Сонда осы төңіректе тұратын, жұмыс істейтін, ары-бері өтетін бірде-бір адамның мұны көрмейтін себебі неде? Ол осылай айлап-жылдап тұра бере ме?

Осы мәселе мені қатты ойландырды. Адамдар неге мұндай болып барады? Тарихқа, әдебиетке, мәдениетке деген құрмет ұрпақ санасынан неге ұмыт болып барады?»

Қайыршылар қатарында жастар да жүр

А.Розметовті бүгіндері қала көше­лерінде қайыр сұрап жүрген азаматтардың жайы да қатты толғандырады екен.

«Кейінгі кездері осындай адамдар көбейіп кетті, – дейді Әбекең. – Көшеде кетіп бара жатсам, үнемі көзіме түседі. Қазіргі бір-екі сағаттың ішінде ғана бірнешеуін көрдім.

Мына бір азамат аяқжолдың үстіне қағаз жайып, қайыр сұрап отыр, ал мына біреуі жолдың қақ ортасына шығып, қымбат көлік жүргізушілеріне алақан жаюда. Осындайларға қарап жүрегім ауырады. Әрине, Құдай аясын дейсің ғой, бірақ қоғамымызда осындай күйге түскен адамдардың көбеюі көңілді құлазытады.

Бұрын, кеңестік кезеңде үй-күйі жоқ, азып-тозған мұндайларды тек капиталистік елдерде ғана болады деп ойлайтынбыз. Ол кезде жұмыссыздық, әсіресе ер-азаматтың жұмыс таппай шарасыз күйге түсуі деген болмаушы еді. Ал қазір мұндай бейбақтардың қатары көбейіп бара жатқан сияқты.

Елімізде басшылар, әрбір қала, елді мекеннің басшылары бар, солар бірдеңе ойлап тауып, осындай қайыршылық күйге түскендерге қандай да бір көмек берсе екен деймін. Тегін емес, әрине, жағдайын жасап, еңбекке баулыса болмас па? Мысалы, бір қариялардың үйіне, бау-бақшасына жұмыс істетіп, ақысына тамақ алып ішетін талон берсе, арнайы тамақ ішетін жер ұйымдастырса болар еді. Олар да адам баласы емес пе?

Ал әзірге мұндай қайыршыларға жұрттың көзі үйреніп жатыр. Жаны ашып, тиын-тебен тастайтын біреулер болмаса, көпшіліктің олармен ісі жоқ. Ешкімге керегі жоғын сезінген мұндайлар қайыр сұрайды да, тапқан тиын-тебеніне арзанқол арақ алып ішеді. Сөйтіп тіршіліктері өтіп жатыр. Ал оларға кім жанашырлықпен қарап, қалыпты өмірге бейімдеуі керек?

Газеттеріңіз көпшілік арасына таралады ғой. Жұртшылыққа ой тастайтын, пайдасын тигізетін материалдарды жиі жариялайсыздар. Сондықтан бұл мәселе жөнінде де жазсаңыздар екен деп арнайы келіп отырмын».

Әбекең осылай дейді. Ә.Розметов көтерген бұл мәселелер басшы азаматтардың құлағына жетіп, тиісті шаралар қолға алынса дұрыс болар еді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: