Жаңалықтар тізбегі
0

Шымкентте 100-ге келген соғыс ардагерлеріне құрмет көрсетілді

«Өнегелі ұрпақ» апталығы аясында Шымкентте қариялар мен ардагерлер үйін тазалау, шөптерін орып, қоқыстарды шығару, ағаштарды әктеу жұмыстары жүргізіліп, құрмет көрсетілуде. , сурет - Zakon.kz жаңалық 02.05.2024 12:30 Сурет: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
"Өнегелі ұрпақ" апталығы аясында Шымкентте қариялар мен ардагерлер үйін тазалау, шөптерін орып, қоқыстарды шығару, ағаштарды әктеу жұмыстары жүргізіліп, құрмет көрсетілуде.

"Таза Қазақстан" акциясы аясында Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Абайұлы бастаған бір топ белсенділер, студент жастар, еріктілер ҰОС ардагері Нина Мосунованың шаңырағына бас сұқты. Жастар ауланы тазартып, ағаш түптерін қопсытты. Қоршауларды сырлады.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.05.2024 12:30

Сурет: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Бүгінде Шымкентте екі-ақ соғыс ардагері қалған. Соның бірі – Нина Мосунова. Қария биыл 100-ге келіп отыр. Ол 1942 жылы әскерге өз еркімен аттанып, Можайск маңындағы соғыста қолына пулемет алып жауға қарсы шыққан. Соғыстан соң кассир, кітапханашы, хатшы-машинистка болған. Қазіргі таңда 2 немере, 5 шөбере сүйіп отыр.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.05.2024 12:30

Сурет: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

"Бізге бейбіт өмір сыйлаған Ұлы Отан соғысының және тыл ардагерлерінің ерлігін бағалау – біздің парызымыз. Біз – ардагерлерімізді ардақтап, қарттарымызды қадірлейтін халықпыз. Ендігі парызымыз көзі тірісінде осы кісілерге барынша қамқорлық жасап, көмегімізді аямау. Сізге Ұлы Жеңіс пен бүгінгі бейбіт күндеріміз үшін алғыс айтамыз", – деді Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек.
, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.05.2024 12:30

Сурет: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Нина әжей қала орталығындағы алақандай үйде немересінің қамқорлығында тұрып жатыр. Жиналған жастарға ризашылығын айтып, жылап қалды. Отан үшін отқа түсіп, қан майданда жеткен жеңісі, бүгінгі бейбіт өмір үшін бас иіп, алғыс білдірді.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.05.2024 12:30

Сурет: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

"Енді соғыс деген зұлматты жастар көрмесін. Елімізде тек бейбітшілік болсын" деді қарт ана.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: