Шымкентте "Өнегелі ұрпақ" апталығы: тазалық жұмысы әрі өнеге, әрі игі іс
Соның бірі "Достық ауласы" атты қаладағы көпқабатты тұрғын үйлердің тұрғындары өз аулаларын тазалау жұмыстарын жүргізді. Тазалық жұмыстарына 1000 ға жуық адам қатысты.
Акция қаладағы барлық бес аудан аумағында жүргізіліп, тұрғындар өз аулаларын тазалап, қоқыстарды шығарды.
Сурет: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Аталған іс-шараға тұрғындармен бірге отбасы және әйелдер істері жөніндегі комиссия мүшесі – О.Тәжібаева, Қоғамдық кеңес мүшесі – Ж.Раев, қалалық мәслихат депутаты Л.Сүлейменов, "Бал Текстиль" ЖШС-нің директоры Т.Исхаков, Сайрам тұрғын алабының ауыл биі – Х.Толаметов, үй басқарушылары мен басқа да белсенді азаматтар қатысты.
"Өнегелі ұрпақ" апталығы аясында бүгін барлығымыз бір кісідей жұмылып, өз аулаларымызды тазалауға шықтық. Бұл әрі тазалық, әрі өнеге, әрі игі іс. Сондықтан барша жұрт болып атсалысу баршамыздың міндетіміз деп есептеймін", - дейді Сайрам тұрғын алабының ауыл биі Х.Толаметов.
Сурет: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
"Өнегелі ұрпақ" апталығы аясында Шымкентте қариялар мен ардагерлердің үйлеріне барып тазалау, шөптерді ору, қоқыстарды шығару, ағаштарды әктеу және т.б. жұмыстар әрі қарай жүргізіліп, қарияларға құрмет жұмыстары жалғасуда.