Қаңтардан бері пойыздардан 90-нан аса азамат түсірілді

Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі
Бұл туралы Көліктегі полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Қалижан Қобландин мәлім етті.

Арал станциясындағы Желілік полиция бөлімшесінің кезекші бөліміне "Ақтөбе-Алматы" бағытындағы жолаушылар пойызы келген кезде аталған пойыз бастығының актісі бойынша құқық бұзушы түсірілді, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы Көліктегі полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Қалижан Қобландин мәлім етті.

Тексеру барысында көлік полицейлері қоғамдық орынға масаң күйде келіп, тәртіп бұзған Түркістан облысының 1982 жылы туған тұрғынын анықтады.

Қ. Қобыландиннің айтуынша, дәл осындай жағдай Ақмола облысының Жақсы станциясында орын алған. Бұл жолы тәртіп сақшылары "Алматы-Қостанай" бағытындағы жолаушылар пойызында алкогольдік ішімдік ішіп, қоғамдық орында балағат сөздер айтқан, осылайша қоғамдық тәртіп пен жолаушылардың тыныштығын бұзған39 жастағы ер адамды пойыздан түсіріп алды.

Медициналық куәландырудың қорытындысына сәйкес құқықбұзушылардың "орташа" дәрежедегі масаң күйде болғандығы анықталды.

Оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы, яғни, алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келужәне ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы, яғни, ұсақ бұзақылық бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылып, оларға 15 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

Ағымдағы жылдың қаңтар айының басынан бері еліміздің көлік полицейлерімен жолаушылар пойызынан 93 адам, оның ішінде алкогольді ішімдіктерді ішкені үшін - 73 адам және ұсақ бұзақылық үшін - 25 адам түсірілген болатын.

zkadm
Басты Топ LIVE Бәрі
bellz
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз