42 500 теңге төлеміне өтініш қабылдау басталғаны туралы хабарлама - фейк
Әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы тараған, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 42 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлем алу үшін өтініштер қабылдауға арналған веб-сайттың іске қосылғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды, деп хабарлайды zakon.kz.
Бұл туралы мәлімет ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің сайтында пайда болды.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі КОВИД-19 ауруымен байланысты эпидемологиялық жағдайды тұрақтандыру жөніндегі шектеу шараларының енгізілуіне байланысты табысынан айырылған азаматтарға біржолғы төлемді жүзеге асыру ережесін әзірлеуде.
Біржолғы төлемге өтініштерді қабылдау 17 шілдеден басталады деп жоспарланып отыр. Бір жолғы төлем 20 шілдеден басталады деп жоспарланған.
Ел азаматтарына жалған мәліметтерге назар аудармауына және ақпаратты тек ресми дереккөздерден пайдалануды сұраймыз.
Естеріңізге сала кетейік, жалған ақпарат таратқандар заңмен жазаланады.