Өткен тәулікте КВИ мен пневмониядан қайтыс болғандардың статистикасы жарияланды

Алматы әкімдігі Алматы әкімдігі
29 қаңтардағы жағдай бойынша, 27 520 адам КВИ-ден емделіп жатыр.

Қазақстанда өткен тәулікте алты адам коронавирустан қайтыс болды, деп хабарлайды zakon.kz.

Пневмониядан кісі өлімі тіркелмеді.

29 қаңтардағы жағдай бойынша, 27 520 адам КВИ-ден емделіп жатыр (15 877 КВИ + және 11 643 КВИ-), оның 6 571-і - стационарда, ал 20 949 науқас амбулаториялық деңгейде ем-дом алуда.

КВИ + және КВИ-мен ауыратын науқастардың арасында: ауыр жағдайда - 268 науқас, өте ауыр дәрежеде - 54 науқас; жасанды тыныс алу аппаратына қосылғаны - 42 науқас, делінеді COVID-19-дың таралуын болдырмау жөніндегі ВАК хабарламасында.

COVID-19 белгілері бар пневмонияға шалдығушылар туралы мәліметтер

2021 жылғы 27 қаңтардағы жағдай бойынша, аурудың 59 жағдайы тіркелді. Одан ем алған 74 адам сауығып кетті.

2020 жылдың 1 тамызынан бастап 47 717 жағдай тіркелді, кісі өлімі - 564, емделіп, жазылғандардың барлығы - 35 510 адам.

zkadm
Басты Топ LIVE Бәрі
bellz
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз