Өткен тәулікте КВИ мен пневмониядан 11 адам қайтыс болды

nikvesti.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.02.2021 15:47 nikvesti.com
8 ақпандағы жағдай бойынша 27 028 адам КВИ-ден емделіп жатыр.

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан 11 адам қайтыс болды, деп хабарлайды zakon.kz.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, 6 адам коронавирустан, 5 адам пневмониядан қайтыс болды.

Айта кету керек, 8 ақпандағы жағдай бойынша 27 028 адам КВИ-ден емделіп жатыр (16 770 КВИ + және 10 258 КВИ-), оның 5 804-і стационарда, ал 21 224 науқас амбулаториялық деңгейде ем-дом алуда.

КВИ + және КВИ- науқастардың арасында:

• ауыр жағдайда - 268 науқас,
• өте ауыр дәрежеде - 49 науқас;
• жасанды тыныс аппаратына қосылған - 42 науқас.

6 ақпандағы жағдай бойынша, пневмонияның 18 жағдайы тіркелді, кісі өлімі - 5, емделіп, жазылған науқастар саны - 246.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: