Министр азық-түлік бағасын қалай тежеп, ұстауға болатынын айтты
26 қаңтарда Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы әлеуметтік маңызы бар тауарлардың қымбаттауы жайын қозғап, осыған байланысты ол бірқатар тапсырмалар берді. Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов азық-түлік бағасын тежеу үшін не істелетінін айтты, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.
Әкімдіктер бұл мәселені қатаң бақылауда ұстап, баға көтерілген кезде шекті бағаны енгізу шараларын шұғыл қабылдауы керек. Импортқа тәуелді және экспортқа бағытталған тауарлар үшін тұрақтандыру қорларының максималды қалыптасуын қамтамасыз етуі тиіс. Біздің елімізде шығарылатын тауарлар үшін "айналым схемасы" шеңберінде форвардтық келісімшарттарды қаржыландыруды 50 миллиард теңгеге дейін ұлғайта отырып, басым қаржыландыру шарасын қамтамасыз етуіміз тиіс, - деді министр Үкімет отырысында.
Сонымен қатар, ол ауылшаруашылық өнімдерін өндіруді ұлғайту қажет екенін атап өтті.
Сауданы цифрландырумен қатар Ұлттық тауарларды тарату жүйесін іске қосу керек. Жалпы, оның айтуынша, 24 көтерме тарату орталығы салынады, оның жетеуі 2022 жылы Нұр-Сұлтан, Шымкент, Алматы, Алматы облысы, Жамбыл және Павлодар облыстарында іске қосылады.
Министр шекарадағы заңсыз саудаға қарсы іс-қимыл аясында мыналарды ұсынды:
- техникалық реттеу жүйесін цифрландыру;
- "Сәйкестікті бағалау туралы" жаңа заң әзірлеу;
- трансшекаралық сынақ зертханаларын құру;
- таңбалауға арналған тауарлардың тізімін кеңейту.