Көкшетаулық ет тасымалдаушылар етін өткізе алмай отыр

видеодан кадр, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.02.2021 23:07 видеодан кадр
20 шақты фермердің қап-қап еті енді қан сасып тұр.

Көкшетаудағы ет тасымалдаушылардың өнімі базарларға өтпей тұр. "Себебі санитарлық талаптардан жұрдай", - дейді мамандар. Алыстан арбалап әкелгендері таза жерде сақталмайды, әрі мұздатылмаған. Неше жылдан бері өнімін саудалап, күнелтіп келген фермерлер мұнымен келіспейміз деп отыр. Саудагерлер де негізсіз тексерулердің салдарынан ет бағасы қымбаттайды деген пайымда, деп хабарлайды zakon.kz Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Ерік Төлегенов, ет тасымалдаушы:

Міне жігіттер бәрі ет әкеліп жатыр. Енді машина талапқа сай емес дейді. Талапқа сай келмейтіні рас. Ет әкелгендер қайда барады қазір? Сағат уже 10 болды.

Ерік ағаның бұлайша шырылдайтын реті бар. Таңмен таласа тұрып, бірнеше шақырымды еңсеріп келгендегі еңбегі зая кеткелі тұр өйткені. Өңірдің ветеринарлық инспекциясы бүйректен сирақ шығарып, шаруалардың өнімін кері қайтаруда. Сондағы уәж фермерлер етті қалай болса солай тасып жүр.

Ерік Төлегенов, ет тасымалдаушы:

Ол үшін смс жіберіп, мясниктарды предупреждать ету керек заранее. Чтобы они знали. Қолдарыңызда барлық құжаттары бар ғой? бар. Әрине құжаттарымен жүреді ғой.

20 шақты фермердің қап-қап еті енді қан сасып тұр. Алыпсатарлар да қайбір жөнді бағаға ала қояр дейсіз?! Кәсіпкерлердің де сөрелері босап қалған. "Жауапты мамандардың осындай жауапсыздығынан енді еттің бағасын қымбаттатуға мәжбүрміз", дейді кәсіпкерлер.

Айнұр Әубәкірова, кәсіпкер:

Ауылдан келген бізге өткізілмеген еттің бәрі Қарағанды облысынан келген алыпсатарларға кетеді. Барлық ет басқа жаққа кетіп жатыр. Мынадай бейберекет тексерістен кейін бізге кім келеді? Ақыр соңында тұтынушылар зардап шегеді. Еттің бағасы қымбаттайды.

Қарлығаш Нұрмұханова, кәсіпкер:

Термобудка деген машинаны шығарып жатыр. Ол машина жоқ во первых. Во вторых, біз барып білдік. Ол 10 миллион. Антисанитария жоқ. Бүкілін жауып, тап-таза қылып әкеледі.

Ал ветеринарлық инспекция мамандары тексеріс барысында еттің тасымалдануы талапқа сай еместігін анықтапты. Енді ет таситын арнайы жүк көлігін сатып алыңдар деген шарт қойып отыр.

Болат Сәбитов, облыстық ветеринарлық бақылау және қадағалау инспекциясының бөлім жетекшісі:

"Орталық базар", "Жібек Жолы"және" Қамқор " коммуналдық базарлары сияқты сауда нысандарында мониторинг жүріп жатыр. Мониторинг кезінде ауыл шаруашылығы өнімдерін тасымалдаудың, бірінші кезекте, құжаттың дұрыстығына мән береміз. Мониторинг барысында әкелінген еттердің бірде-біреуі талапқа сәйкес келмейтіндігін анықтадық. Жеткізушілер етті жүк салғышқа салып әкелген. Ол жерде балон, терісімен қоса бәрі бірге жатыр. Бұл ет базарға барады, әрі қарай адамдарға сатылады? Әр келген сайын айтамыз мұны.

Шаруалар мамандардың уәжіне қарсы шығудан аулақ. Тек алдын ала ескертілсе, мұндай есепсіз шығынға батпас едік дейді.

zkadm
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: