Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстан аяқ-киімнің заңсыз импортымен күреспек

kenzhehan2.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.02.2021 16:38 kenzhehan2.kz
Аяқ киімді міндетті таңбалауды Ресей 2020 жылдың шілдесінен бастап енгізді.

Тауардың бұл тобын таңбалау бойынша пилоттық жоба сәтті аяқталды. Оған 5 қазақстандық өндіруші мен 16 импорттаушы қатысты, деп хабарлайды zakon.kz Цифрлық экономиканы дамыту орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Пилоттық жоба аясында "КазлегПром-Алматы", "SAMHAT", "ZShoesKZ", "Almaty Eco Trade Company", "ТаразКожОбувь" сияқты аяқ киім фабрикалары 2019 жылдың 30 шілдесінен бастап 31 желтоқсанына дейін өз тауарларын арнайы DataMatrix кодымен таңбалап келді. Сондай-ақ жоба аясында Қытай, Түркия, Украина және Испаниядан аяқ киім импорттаушылары да өз өнімдеріне таңбалау жасады. Олардың қатарында "Спецобувьторг", "Спэниш ритейл Казахстан", "Uterque Kazakhstan" сияқты т.б. компаниялар бар.

DataMatrix коды тауардың әр партиясына өндіріс барысында берілді. Онда өндіруші, импорттаушы, тауар партиясының сериялық нөмірі туралы сандық ақпарат және оның тасымалдануын бақылау үшін қажетті басқа да мәліметтер "тігілген". Бұл кодты криптақорғаныстың арқасында қолдан жасау мүмкін емес.

Таңбаланған аяқ киім Тауарларды таңбалау мен қадағалаудың ақпараттық жүйесіне енгізіліп отырды (ТТҚАЖ). Кейіннен өнімдер оны сату нүктелеріне түсіп, содан кейін айналымнан шығарылды. Тауарды өндірістен бастап соңғы тұтынушыға сатуға дейінгі барлық жолды енді ТТҚАЖ -да бақылауға болады.

Еуразиялық экономикалық одақ аумағында тауарларды сәйкестендіру құралдарымен таңбалау туралы келісімді Қазақстан Республикасы 2019 жылы ратификациялады. Аяқ киім тауарларын таңбалау және қадағалау бойынша пилоттық жобаны енгізу жөніндегі жол картасын ҚР ИИДМ әзірлеген болатын (2019 жылғы 26 шілдедегі № 562 бұйрық).

"Пилоттық жоба барысында біз өнімді таңбалаудың барлық кезеңдерінде осал жерлерді анықтадық, аяқ киім тауарларының айналымына қатысушылардан ұсыныстар жинадық. Қазір процестерді жетілдіру бойынша бизнеспен жұмысты жалғастырудамыз, сонымен қатар ақпараттық жүйені жақсартып жатырмыз. Қазақстанда аяқ киімді міндетті таңбалауды енгізу 2021 жылдың екінші жартысына жоспарланып отыр. Бұл шара нарықты "көлеңкелі" өндірішілерден тазартып, қазақстандық тұтынушыны жалған және сапасыз өнімдерден қорғауға көмектесетініне сенеміз", - деп атап өтті Цифрлық экономиканы дамыту орталығының бас директоры Бикеш Құрманғалиева ("Қазақтелеком"АҚ еншілес компаниясы).

Аяқ киімді міндетті таңбалауды Ресей 2020 жылдың шілдесінен бастап енгізді. Нәтижесінде, ресми мәліметтер бойынша, алғашқы айларда ғана аяқ киім нарығының көлемі бірнеше есеге өскен.

Қазақстанда аяқ киім нарығының ресми көлемі импорт пен жергілікті өндірісi 36,5 миллион жұпты құрады (2019 ж деректер), ал көлеңкелі айналым көлемі, сарапшылардың бағалауы бойынша тағы 34 миллион жұпты құрады. Яғни, нарықты "ағартудың" әлеуеті орасан зор.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда 2020 жылдың 1 қазанынан бастап темекі өнімдерін міндетті таңбалау енгізілді. Қазіргі уақытта тауарларды таңбалау және қадағалау бойынша бірыңғай оператор "Қазақтелеком"АҚ болып табылады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: