Жаңалықтар тізбегі
0

"Birgemiz: Úmit" шағын гранттары жарияланды

"Birgemiz: Úmit", сурет - Zakon.kz жаңалық 24.07.2020 22:00 "Birgemiz: Úmit"
Конкурс 2020 жылдың 22 шілдесінен бастап 2020 жылдың 20 тамызына дейін өткізіледі.

"Birgemiz: Úmit" жалпыұлттық жобасы аясында еліміздің барлық өңірлерінде ТЖ саласындағы нақты жергілікті міндеттерді шешуде азаматтардың жеке күш-жігерін (ерікті миссия) және волонтерлік бастамаларды қолдауға бағытталған шағын гранттар конкурсы жарияланды, деп хабарлайды zakon.kz.

Конкурс 2020 жылдың 22 шілдесінен бастап 2020 жылдың 20 тамызына дейін өткізіледі.

Жоғалған адамдарды іздеуге, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жою және апаттардың қауіп-қатерін азайтуға, жобаларға волонтерлерді тартуға бағытталған "Birgemiz: Úmit" жалпыұлттық жобасы, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" КЕАҚ мемлекеттік гранты шеңберінде жүзеге асырылады.

Байқау аясында 68 жеңімпаз анықталады, олар өздерінің волонтерлік бастамаларын жүзеге асыруға 300 000 (үш жүз мың) теңге мөлшерінде шағын грант алады. Шағын гранттар конкурсына жеке тұлғалар, бастамашыл топтар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының үкіметтік емес ұйымдары қатыса алады. Барлық өтініш берушілер Qazvolunteer.kz платформасында тіркелуі тиіс. Өтінім жеке берілген жағдайда өтініш беруші 18 жастан асқан болуы қажет. Еліміздің барлық өңірлерінің тұрғындары қатыса алады. Байқау ережесін Instagram @league_volunteers профилінің сипаттамасында табуға болады.

Келесі бағыттар бойынша жобалар қабылданады:

- ТЖ саласындағы волонтерлік жобалар;

- адамдарды іздеу бойынша волонтерлік жобалар;

- табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жою және зілзалалардың қауіп-қатерін азайту бойынша волонтерлік жобалар;

- шағын гранттар конкурсы туралы ережеде белгіленген өзге де бағыттар.

Барлық туындаған сұрақтар бойынша келесі нөмір бойынша хабарласуға болады: +7 707 597 3421 немесе поштаға volunteers.almaty@gmail.com

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: