Жаңалықтар тізбегі
0

Ақтаулық буынсыз бала қауіпті трюктер жасайды

видеодан кадр, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.02.2021 21:50 видеодан кадр
Қиын жаттығуларды орындап, Гиннестің рекордтар кітабына енбек.

Буынсыз бала! Ақтауда дәл осылай аталып кеткен 12 жастағы жеткіншек тұрады. Үш жасынан бастап шпагатқа отыруды үйреніп, бес жасында түрлі қауіпті трюктерді орындаған дарын иесі әлемге танылғысы келеді. Екі аяғын иығына асып, екі сағат тапжылмай отыра алатын оқушының анасы ұлының бұл талантын туылғанда-ақ байқаған, деп хабарлайды zakon.kz Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Танымал күйші Асылбек Еңсеповтың "Балалық шақ" атты композициясын орындап жатқан 12 жастағы "буынсыз бала" Азамат Әсетұлы. Жастайынан ерекше қасиетімен танылған ол емін-еркін гимнастикалық жаттығуларды орындайды. Одан бөлек, екі аяғын иығына салып сағаттап отырады екен. Азамат осы әдіс арқылы шаршаған уақытта демаламын дейді. Бір қызығы, кейіпкеріміз жаттығуларды жасау үшін бірде-бір үйірмеге қатыспаған.

Азамат Әсетұлы, оқушы:

Мысалы, мен осылай тұрсам қолым роботтыкіндей болып тұрады. Бұл трюкті роботтың қолы деп атаймын. Ал, былай жатсам аяқты керіп, рахаттанамын. Ең басында 3 жасымда алғаш шпагатқа отырдым. Сосын, 5 жасымда аяғымды мойныма салдым.

Күн өткен сайын Азамат өзінің жаттығуларын күрделендіріп келеді. Ол интернет беттерінен өзі секілді дарынды жастардың "трюктерін" көріп, айна қатесіз қайталап, дайындалады екен. "Буынсыз" бала бұл қимылдар өзіне еш кедергі жасамайтынын айтады.

Азамат Әсетұлы, оқушы:

Шпагатқа отырып, екі столға соның үстінде отырсам шпагатқа. Сосын машинаның үстінде отырсам деймін. Интернеттен тағы трюктар қараймын. Или соның екеуін араластырып жіберемін. Кейде өзімнің ойымнан құрастырамын. Мысалы картина осылай істей аламын. Сосын былайынан аяғымды керіп жатамын. Ол ешқандай трюкқа жатпайды екен. Мен интернеттен қарап едім олай ешкім істемейді екен.

Осы уақытқа дейін Азамат көптеген облыстық және республикалық жарыстарға қатысқан. Дипломдары мен жеңіп алған жүлделері жетерлік. Тіпті, 2018 жылы толықметражды фильмге де актер ретінде түсіп үлгеріпті. Одан бөлек Азамат ән де шырқайды, сурет те салады, домбыраның құлағында ойнайды. Десе де болашақта танымал күйші болсам деген арманы барын айтып қалды.

Азамат Әсетұлы, оқушы:

Мен негізі әр түрлі маман иесі болғым келеді. Бірақ, сол мамандардан өнерді таңдадым. Сол өнерден әнші болғым келеді. Суретші болғым келеді суретті де саламын. Домбыра саласын таңдадым. Домбырада оркестрмен үлкен жетістіктерге жеткім келеді.

Ұлының ерекше қасиетін анасы кішкентай кезінен байқаған. Бұл дарын Азаматқа нағашы әжесінен берілуі мүмкін, - дейді. Себебі, ол кісі де аяғымен түрлі қимылдар жасаған екен. Қазір "буынсыз" бала облыстық жарыстарды қалт жібермейді. Одан бөлек, гимнастикалық үйірмелерге барып шеберлігін шыңдап жүрген көрінеді.

Жанна Байбозова, Азаматтың анасы:

Азамат өзі туғаннан ерекше бала болды. Бесіктен шығып жерге жатқан кезде де ол етпетінен түсіп аяқтарын бауырына жинап алатын. Кейін 3 жасқа келген уақытта өзі шпагатқа еркін отыратын. Жүгіріп ойнап жүріп полдың үстіне аяғын созып. Содан кейін біз тоқтаған жоқпыз. Конкурстарға қатыстық. Яғни біз бір конкурстың екі номинациясы бойынша қатысамыз. Бір номинациясында орындау өнері бойынша домбырадан күй тартса, екінші буынсыз баланың өнерін хореография номинациясы бойынша көрсететін болды.

Азамат мұнымен тоқталып қалмақ емес. Алдағы уақытта халықаралық жарыстарға қатысқысы келеді. Қиын жаттығуларды орындап Гиннестің рекордтар кітабына да кіру жоспарында бар екен. Сол үшін күні-түні дайындығын пысықтау үстінде. Одан бөлек, 7-ші сынып оқушысы сабағын да қалт жібермей, домбыра үйірмесіне де қатысып жүр.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: