Қазақстанда салық қызметкерлері арнайы форма киетін болды
obk.kz
Сонымен қатар, олардың базалық жалақысы көтеріледі.
Мемлекеттік кіріс органдары қызметкерлеріне шен беріліп, базалық жалақысына қосымша үстеме қосылып, бірыңғай формалық киіндіру енгізіледі. Бұл туралы үкімет отырысында ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен "Адалдық Алаңы" жобалық кеңсесі атап өткендей, мемлекеттік кіріс органдарының қызметкеткерлері жалақысының төмендігі, әлеуметтік қорғалмағаны мен қызметінің жауапкершілігі жоғары болуына байланысты жемқорлық тәуекеліне тап болып отыр, - деді Жамаубаев.
Оның сөзінше, мұндай жағдай білімі мен мол тәжірибесі бар қызметкерлердің жекеменшік секторға кетуіне әкеп соғады.
- Осыған байланысты олардың базалық жалақысына үстеме қосып, бірыңғай формалық киім мен класстық шен енгізу ұсынылуда. Бұл шара білікті кадрларды сақтап, жемқорлық деңгейін төмендетуге, сондай-ақ мемлекеттік кіріс органдарының мәртебесін көтеруге септігін тигізеді, - деп атап өтті ол.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript