Жаңалықтар тізбегі
0

Жұртқа ҚҚС-ның бір бөлігі қайтарылатыны туралы хабарлама келе бастады

stopfake.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.02.2021 17:53 stopfake.kz
ҚҚС қайтару туралы сыбыстар желіде бұған дейін де тараған. Оларды ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті теріске шығарды.

Желіде ел азаматтарына соңғы 4 жылда төленген қосымша құн салығының (ҚҚС) бір бөлігі қайтарылатыны туралы видео тарай бастады, деп хабарлайды zakon.kz.

Видео авторының айтуынша, банк картасының деректерін сайттағы арнайы жолаққа енгізе отырып, белгілі бір "өтемақыны", яғни 1 737 000 теңгеге дейін алуға болады.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.02.2021 17:53

Бұл – алаяқтық. Ролик авторы баруды ұсынған "Төленбеген ақша қаражатын қайтару" Бірыңғай Өтемақы орталығының сайтында 34/16325к қаулысына сәйкес, ҚҚС 18 жастан асқан адамдарға қайтарылатыны жазылған. Алайда, қаулыны қай органның қабылдағаны белгісіз. Сондықтан құжаттың барын тексеру қиынға соғады, делінген stopfake.kz хабарламасында.

ҚҚС қайтару туралы сыбыстар желіде бұған дейін де тараған. Оларды ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті теріске шығарды.

"Ойдан шығарылған қаржыны қайтару туралы нұсқаулық барысында автор көрерменге өз деректерін, банк картасының нөмірін, сондай-ақ псевдозаңгерлер қаражатыңызды иемдене алатын CVV/CVC кодын көрсетуді сұрайды. Бейнежазбада немесе жалған сайттың өзінде жағымды пікірлер болуы мүмкін, бұл да шындыққа жанаспайды", – делінген ведомствоның ресми хабарламасында.

Бұрын хабарланғандай, мұндай алаяқтық схемасы туралы Ресейде де ескертілген болатын.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: