Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда педагогтардың халықаралық жиыны өтеді

Қыздар университеті, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.02.2021 18:15 Қыздар университеті
Күләш Құнантаеваның 90 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылып отыр.

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде "Қазақстанда заманауи білім беруді дамытудың проблемалары мен перспективалары" тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді, деп хабарлайды оқу орнының баспасөз қызметі.

Алқалы жиын отандық педагогика ғылымының дамуына іргелі үлес қосқан көрнекті ғалым, ұлағатты ұстаз, еліміздің жоғары білім беру саласында өз қолтаңбасын қалыптастырған қайраткер Күләш Құнантаеваның 90 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылып отыр.

Педагогика және психология жоғары мектебі мұрындық болып отырған шараға қазақстандық және шетелдік ғалымдар мен педагогикалық жоғары оқу орындарының оқытушылары мен ізденушілері қатыспақ.

Заманауи білім беру кеңістігіндегі педагогикалық идеяларды талдау және жүйелеу мақсатында конференция жұмысы 5 бағыт бойынша жүргізілмек. Атап айтқанда, қатысушылар "Заманауи оқыту мен тәрбие берудің теориялық және әдіснамалық мәселелері", "Білім беру, педагогика және психология мәселелері: ғылым мен тәжірибенің интеграциясы", "Білім берудегі заманауи трендтер", "Жаһандану жағдайында білім беру жүйесін басқару" және "Көпдеңгейлі педагог мамандарды даярлаудың жүйесін жетілдіру" секциялары бойынша өзара тәжірибе алмаспақ.

Айта кетейік, Күләш Құнантаева – педагогика ғылымдарының докторы, профессор Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының және ҚР Педагогика ғылым академиясының Құрметті академигі, Ресей білім беру академиясының шетелдік мүшесі, Грузия білім беру ғылымдары академиясының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Білім беру ісінің құрметті қызметкері.

Оның әйелдер білімінің дамуы және Қазақстанда білім беруді дамыту туралы 400-ден аса ғылыми еңбегі жарық көрді. Оның ішіндегі оқу құралдары мен оқулықтар және монографиялар бар. Күләш Құнантаеваның жетекшілігімен 24 ғылым кандидаты мен докторы дайындалды. Қазіргі күнде де "Құнантаеваның ғылыми мектебі" сабақтастығы сақталған.

К. Құнантаева ғылыми-педагогикалық қызметі, ғылым мен білімді дамытудағы және кадр даярлаудағы ерен еңбегі үшін көптеген мемлекеттік наградалармен марапатталды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: